Uber компаниясы әуеде ұшатын таксилер шығармақ
Америкаkық Uber компаниясы Австралияның Мельбурн қаласында, сондай-ақ Американың Даллас (Техас) және Лос-Анджелес қалаларында (Калифорния) әуе таксиін іске қосады, деп жазады stan.kz.
Австралияда алғашқы эксперименттік рейстер 2020 жылы жүзеге асырылуы мүмкін, ал 2023 жылға арналған ауқымды түрде іске қосылмақ.
Вертикальды көтеру және түсіру жүйесі бар көліктер әуеде винттармен көтеріледі. Алғашқы кезеңде мұндай таксилерді ұшқыштар басқарады, бірақ болашақта ұшқыштарды пайдаланбайды.
Uber Австралия азаматтық әуе қауіпсіздігі басқармасына (CASA) әуе таксиінің жұмысын заңнамалы түрде реттеуді талқылауға шақырды.