Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шаштың ерте ағаруының себебі не?

Шаштың ерте ағаруының себебі не?


Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді. Бұл жөнінде
massaget.kz жазды.
Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы».
Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы альбинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады.
Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.
15 маусым 2019 ж. 2 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 049 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам