Басы дауға қалған Ернар Айдар

Елдің наразылығын тудырған жайт – билеттері сатылымға түскен концерт мәдениет үйінің залында емес, далада ұйымдастырылған.
Ал Ернар Айдардың директоры Дәулет Қожамергенов барлығына кінәлі Қаскелең қаласының әкімдігі дейді. Себебі кешті бастан-аяқ ұйымдастырып, жарнамасын асырған сол әкімдік мамандары екен. Бірақ әншінің директоры халыққа билет сатқанда концерт алаңда өтетінін ескерткенін айтады.
Оның үстіне Ернарды күткен халық мәдениет үйінің тар залына симайтын еді дейді. Концерттен түскен қаржы қайырымдылыққа аударылады.