Қызылордалық полицейлер студенттермен кездесті

Кездесу барысында Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы кәмелетке толмағандарға қылмысқа бармауға, «қылмыс түбі – қорлық» демекші, жасалған әрбір қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатындығын айтып түсіндірді.
Сонымен қатар, колледж басшысы Сайлыбаев Бахытжан сөз барысында колледж студенттері арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіліп жатқандығын және колледж әкімшілігі тарапынан бақылауға алынғандығын айтты.
Студенттер өз кезегінде көкейінде жүрген сауалдарын қойып, заң тұрғысында жауаптарын алды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі