Бауыржан Шаменов - басқарма басшысы
Облыс әкімінің өкімімен Шаменов Бауыржан Серікұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Б.Шаменов 1981 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен құқық және нарық академиясын бітірген. Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының қазынашылық департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған.
2008-2013 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған. 2013 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.