Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр елінің даңқын асырған «Абай-Дәулетке» дауыс берейік!

Сыр елінің даңқын асырған «Абай-Дәулетке» дауыс берейік!

11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақстанның үздік тауары – 2019» көрме-байқауына қатысқан 153 компанияның ішінде 27 отандық тауарөндіруші финалдық кезеңге өтті.
Қызылорда облысынан финалдық кезеңге «Абай-Дәулет» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша финалдық кезеңге жолдама алып отыр. Кеше, яғни 15 қазан мен 25 қазан аралығында онлайн дауыс беру кезеңі өткізіліп, нәтижесімен жеңімпаздар анықталады.
Жергілікті тауарөндірушіміз жеңімпаз атансын десек төмендегі сілтемеге өтіп, белсенді дауыс берейік. https://golos.altynsapa.kz/
Айта кетейік, «Абай-Даулет» ЖШС – 2016 жылы құрылған. Жұмысшылар саны – 80. Кәсіпорын директоры – Сарсенбаев Мұрат Абайұлы. Кәсіпорынның басты кәсібі – күріш өңдеу. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар, Бесарық және Байтабын шаруашылықтары жаңа прогрессивті технологияларды және техникалық жаңаруды қолдану арқылы күріш өнімділігін тұрақты түрде арттыра отырып күрішпен қамтамасыз етуде. Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артып келеді. Күріштің бірнеше түрлерін өндіреді. Жақында сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін жаңа зауытты іске қосты. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Күріш қалдықтарын жем дайындауға пайдаланады. Өнім Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсірумен де айналысады. Шаруашылықтағы қошқарлардың салмағы 140 келіге дейін барады. Ал аналықтары 70-80 келіге жетеді. Жылына 110-120 төл алып отыр. Түйе төл басы 60-қа жеткен. Күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтілуде. «Абай-Дәулет» серіктестігінде мал азығы да дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары ұстанады. Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.


16 қазан 2019 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам