Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мүгедектігі бар азаматтар қалай жеңілдікпен пәтер ала алады

Мүгедектігі бар азаматтар қалай жеңілдікпен пәтер ала алады

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жиі жолданатын сұрақтардың бірі мүгедектердің және мүгедек баласы бар отбасылардың жеңілдікпен пәтер алуына қатысты болып отыр. Осыған орай, ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналында аталған санаттағы азаматтардың жеңілдікпен баспана алу жолдары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егер барлық процедураны дұрыс өтсе, бірнеше жылдың ішінде тұрғын үй проблемасын шешуге мүмкіндік бар. Мүгедектерді, мүгедек балалары бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етудің екі құралы бар. Біріншіден, қажетті құжаттарды жинап, жергілікті атқарушы органға жүгіну керек. Олар құжаттарды қабылдап, есепке қояды және тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерге кезек тәртібімен әкімшілік баспана ұсынады», - делінген Telegram-каналдағы ақпаратта. Екінші құралына сәйкес аталған санаттағы азаматтар үшін жеңілдетілген тәртіппен баспана сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 2 пайызбен 20 жылға ипотекалық займ ұсынылады. Бұл ретте Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» бастапқы жарна жинаған азаматтарға 20 жылға дейін жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздан аспайтын алдын ала және аралық тұрғын үй займын береді. Аталған санаттағы азаматтарға жылына 6 мыңға жуық жеңілдетілген займ беру жоспарланған.
«Жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтарға кезекке тұруға арналған құжаттарын дер уақытында және дұрыс тапсыру қажеттігін тағы да бір мәрте еске саламыз», -деп атап өтеді қоғамдық қабылдау.

16 қазан 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам