«НҰРЛЫ ЖЕР»: ҚАРАҒАНДЫДА БАСПАНА АЛУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Қарағанды қаласының әкімдігі «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды», - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.
Атап өтілгендей, бағдарлама аясында Қарағанды қаласы, 15-ықшамауданы, 20/3 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 8 016 шаршы метрді құрайтын 130 пәтер сатылады. Тұрғын үйдің құны 1 шаршы метр үшін 735 теңгені құрайды, соның ішінде:
1) бір бөлмелі: 22 пәтер (ауданы 39,74 ш.м. бастап 48,77 ш.м. дейін)
2) екі бөлмелі: 78 пәтер (ауданы 48,09 ш.м. бастап 68,60 ш.м. дейін)
3) үш бөлмелі: 26 пәтер (ауданы 66,12 ш.м. бастап 91,90 ш.м. дейін)
4) төрт бөлмелі): 4 пәтер (ауданы 76,62 ш.м.)
ҚИК желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына келесі санаттағы азаматтар қатыса алады: мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; 1 және 2-топ мүгедектері; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
1) тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғанын куәландыру;
2) тұрғын үйді сату шарттары бойынша төлем міндеттерін орындау мүмкіндігін тиісті кірістермен растау.
Құжаттар 19 және 20 шілде күндері 09:00-18.00 аралығында (үзіліс 13.00-14.00) Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 (қалалық әкімдіктің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады.