Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бөлме гүлдеріне ТІС ПАСТАСЫН "беріп" тұрса, ЖАҚСЫ ӨСЕДІ

Бөлме гүлдеріне ТІС ПАСТАСЫН "беріп" тұрса, ЖАҚСЫ ӨСЕДІ

      Бөлме гүлдері жайқалып тұруы үшін түрлі химиялық қоспаларды алмай-ақ қолда бар, күнделікті пайдаланатын заттарды кәдеге жаратып, тамаша нәтиже шығаруға болады.
Бөлме гүлдерінің түр-түрін өсіру қазіргі кезде жақсы қарқын алған. Бөлме гүлдері үйдің сәнін келтіріп қана қоймай, адам жанына жылылық ұялатады. Алайда, күздің салқын ауа-райы өсімдіктердің көпшілігінің солып, баяу өсуіне әкеледі. Гүлдер де кішкентай сәбилер секілді ерекше күтімді, жайлылықты, жылылықты жақсы көреді және күтіп баптау үшін көп күш-жігерді талап етеді. Жасаған еңбек еш болмас үшін үй жағдайында гүл өсірудің әдіс-тәсілдерін жақсы білген жөн. Осы орайда Сіздерге тәжірибелі гүл өсірушілердің бөлме өсімдіктері жайқалып, ауырмай өсуі үшін жасалатын қарапайым, химиялық қоспасыз, қызықты әдістерімен бөліспекпіз. Өсімдіктерге тіс пастасын "беріп тұру" қажет Бөлме гүлдері қышқыл ортаны нашар көтереді. Сондықтан ауырады, солады, сарғайып жапырақтары түсе бастайды. Кейде тіпті қурап қалып та жатады. Бұл топырақта қышқылдың артып кетуінен болуы мүмкін. Алайда, топырақтың қышқылдығын төмендетудің тиімді қарапайым жолы бар және бұл әрбір үйден табылатын тіс пастасы арқылы орындалады. Ғажайып ерітіндіні дайындау үшін кез-келген тіс пастасы жарайды. Тек құрамында ағартқыш әсері болмауы тиіс. Ішінде пастасы бар ыдысты көзбен төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін 1 литр суға (бөлме температурасында болуы керек) ешқандай түйіршік қалмайтындай етіп жақсылап араластыру керек. Бұл ерітіндіні өсімдіктердің түбіне тура тамырына қарай құю керек. Әсіресе гүлдеген өсімдіктер үшін өте жақсы әсер етеді.
Алайда, мұндай процедураны жүргізер алдында, өсімдіктеріңіздің қандай топырақты ұнататынын білген жөн. Мысалы, гардения немесе азалия гүлдері қышқыл топырақты жақсы көреді. Егер оларды тіс пастасы ерітіндісімен суарса, қурап қалуы мүмкін.
Тіс пастасы - топырақтың қышқылын азайтып қана қоймай, кальций сияқты қажетті микроэлементтермен қоректендіріп, зең мен саңырауқұлақтарға қарсы алдын алу әсерін береді.

17 қазан 2019 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам