ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Ішкі істер органдарының имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында «Тағзым алаңында» полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді.
Бөлініс құрамында департаменттің қызмет салалары және ҚР ІІМ ҰҰ №5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен жеке күзет мекемелері және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Шара барысында Кадр жұмыстары басқармасы қызметкерлері жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу барысы туралы жеткізіп, жеке құрамды марапаттау жөніндегі бұйрықтармен таныстырып, табыстады.
Сонымен қатар, қызметкерлерде болуы тиіс қару-жарақ заттарының бар-жоғын, денсаулық жағдайларын, қызметке түсетін адамның маусым бойынша нысанды киім киюін, сыртқы келбеті жинақы және керек-жарағының ақаусыз болуын, инженерлер мен техниктер автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі тексерілді.
Бұйрық берілгеннен кейін үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты шеру жүріп өтті. Аталмыш шара әр айдың соңғы жұмасында өткізілетін болады. Айта кететін жайт өткен жылмен салыстырғанда облыстағы қоғамдық орындардағы қылмыстар 14,1 пайызға, көшелердегі орын алған қылмыстар 4,1 пайызға төмендеді.