МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмыстары бөлімінің қызметкерлері Абылайхан атындағы колледжінің студенттерімен кездесті. Онда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізілді.
Жұмыс барысында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Ж.Қаласова студенттерге Көкшетау техникалық институтына түсу ережелерімен танысып, ақысыз білім берудің беделіне тоқталды. Өз сөзінде ол талапкердің қандай қасиеттерге ие болуы керектігін атап өтті.
Өз кезегінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы А. Кеңесова оқу базасының жабдықтары туралы айтып берді. Студенттер тамақтану, нысанды киім-кешекпен қамтылуы және институт курсанттарының казармалық жағдайдағы тұрмысы туралы толық ақпарат алды.
Имидждік бейнеролик көрсетілімнен кейін тыңдаушыларға оқу орны туралы жадынамалар және жеке кеңес беру үшін байланыс телефон нөмірлері таратылды.