Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ешкі майының біз білмейтін пайдасы

Ешкі майының біз білмейтін пайдасы

Ешкі майының біз білмейтін пайдасы көп екен. Қазіргі таңда көбінесе дәрі ішіп, ауруды жазуға үйреніп алғанбыз. Дегенмен, ата-бабаларымыз қолданған емдік шаралар да бірқатар ауруларға ем болған.
Мәселен, А, Д, С, Е дәрумендерінен бөлек ешкі майының құрамында өте сирек кездесетін В13 те бар көрінеді. Тап осы дәрумен терідегі жарақатты жазуға және жасартуға жақсы көмек береді. Онда магний, кальций және фосфор сияқты бірқатар минералдар бар. Гипоаллергенді казеинге бай, коэнзимдер мен антиоксиданттар көп көрінеді. 100 грамында 900 калория болғанымен, ешкі майының құрамында көмірсу болмайды екен. Демек, артық салмақ қостырмайды. Яғни, ішке қабылдауда да сымбатым бұзылады деп қорықпаған дұрыс. Туберкулез кезінде иммунитетті көтеруге қолданылады.
Ғылыми зерттеулер ешкінің онкологиялық аурулармен ауырмайтынын анықтаған. Сондай-ақ ешкі майын ішке қолдануда рактың асқынуының алдын-алуын да зерттеп білген.
Ешкі майы асқазанда тез қорытылады. Ішке қабылдағанда ішқатудан және асқазан-ішек жолдарындағы шлактардан арылуға көмектеседі. Үсікке шалдыққанда және күйіп қалу кезінде осы түліктің майын жақса тез жазылады. Өкшеге тұздың жиналуы мен буын ауруларында ешкі майын жағып массаж жасау ұсынылады.
Мамандар ешкі майын аурудың алдын алу үшін ішіп тұруға да кеңес береді. Ол үшін майды ерітіп, тұндырып алу қажет.

Дайындаған: Айтолқын АЙТЖАНОВА.
22 қазан 2019 ж. 3 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам