Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді

Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді

Жас әнші Қуандық Рахым өз өмірі мен шығаршашылығынан сыр шертіп, біраз жайттын басын ашты. Әдетте көп сұхбат бермейтін ол бұл жолы жеке өміріне қатысты мәліметтерді де жасырған жоқ.
Айналдырған 1-2 жылдың ішіне есімі алты алашқа таралып, миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Қуандық Рахым өнерге қалай келді? Қай әншілерді мойындайды? Қашан отау құрады? Сүйіктісі бар ма? Бұл туралы "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтты.
"Мен болмысым жуас, салмақты жан едім. Ешкімге мені сахнаға шығарыңызшы деп айта алатын адам емес едім. Марат Балмырза деген ағам бар. Алғаш әнімді сол кісі тегін жазып, маған ұсынды. Ол бірден хитке айналды. Продюсерім Жанна Әбуовамен де таныстырған, мені ұсынған кісі сол. Бастапқыда мен Инстаграмда ковер жазып жүрдім. Марат ағам мені желіден тапқан екен. Осылайша Жанна Әбуовамен келісім жасасып, 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастадық", - деді әнші.
Әншінің армандағы аруы бар. Келесі жылы отау құруды да жоспарлап отыр.
"Алдымдағы ағаларым шаңырақ құрған жоқ. Сондықтан маған кедергі болып тұрған сол ғана. Мені арманымдағы қыз - қазақы, иманды, әдемі қыз. Міндетті түрде осындай талаптан шығуы тиіс. Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді", - дейді Қуандық.
Әнші өмірлік жолдасын өнер адамдары арасынан таңамайтынын айтты. Ал өнердегі замандастары арасында Қайрат Нұртас, Төреғали, Әбдіжаппар сынды әншілерді мойындайды. Дегенмен қазіргі жас қыздардың сүйікті тобына көңілі толмайтынын айтып қалды.
"Мен жеке басым Ninety one тобын ұнатпаймын, қарындастарыма да тыңдатпаймын", - деді ол.


22 қазан 2019 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 036 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам