Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Жүрек жылуы» фестивалі өтті

«Жүрек жылуы» фестивалі өтті

Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын шыңдау бағытында облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты.
Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған байқауға қолөнер, көркемсурет, ән, би, халықтық орындау жанрлары бойынша 150-ден астам балғын бақ сынады.
Топ ішінен дара шапқан 10 өнерпазға 500 мың теңге сыйақы табысталды. Сонымен бірге фестивалдің демеушілері «Абзал и К» компаниясы мен «Скиф трейд» SMALL сауда орталығының арнайы номинациясымен марапатталды. Десе де, бақ сынаған әрбір қатысушы – жеңімпаз. Өйткені, түрлі қиындықтарға қарамастан, көпшілік алдына шығып, ән шырқау, мың бұрала би билеп тұла бойыңдағы бар өнерді көрсете білу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА








23 қазан 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 291 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам