Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Сізге еш өкпем жоқ": Ринат Зайытов пен Жүрсін Ерман камера алдында телефонмен тілдесті

"Сізге еш өкпем жоқ": Ринат Зайытов пен Жүрсін Ерман камера алдында телефонмен тілдесті


Жүрсін Ерман сұхбат барысында Ринат Зайытовты таба алмай қалғанын айтты. Артынша журналистің көзінше камера алдында хабарласып, айтыскер ақынмен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ryxy сайтына сілтеме жасап.
Айтыстың атасы Ринаттың талантты ақын екенін мойындайтынын жасырмады. Тіпті, ондай ақындардың өте сирек туатынына да тоқталды.
«Ол халыққа танымал болды. Оның фанаттары да көп. Бірақ сахна менен шын өмірдің ептеп орнын алмастырып алған сияқты. Одан кейін қайда жүр? Партия құрса қайда жүр? «Бүкіл заңды оқимын, дайындаламын. Сосын партия құрамын» деді. Кейін мұнысы болмай қалды. Қазір Ринаттың қайда жүргенін таба алмай қалдық. Жаңа көзіңше қоңырау соғып көрдім», - дейді ол.
Алайда екінші нөміріне хабарласқанда, Ринат Зайытов тұтқаны алды.
Бұның бәленбай нөмірі бар. Қазір бәріне звондап берейін. Ринат амансың ба?
— Шүкір, жақсы. Өздеріңіз қалай?
— Келесің бе айтысқа?
— Қай айтысқа?
— Қайсысы болса да.
— Келемін.
— Сен алдында келмей қойдың. Саған бөгет болып жатқан жоқпын ғой. Сені шақырып жатырмын ғой.
— Сенің маған деген өкпең жоқ қой?
— Сізге деген ешқандай өкпем жоқ.
— Айтыстың ортасында ойнақтап жүруің керек. Қазақтың талантты баласысың.
— Иә, мен де солай ойлаймын, деп аяқтады сөзін Ринат Зайытов.
24 қазан 2019 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 435 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам