Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның Еңбек Ері атанды
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Қаламгерге осындай атақ беру жөніндегі Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Аталмыш қаулыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы қаулы еткені көрсетілген.
«Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», деп жазылған қаулыда.