ҚАЛҚАЗБЕК ӘЖІБЕКОВ МЕРЕЙЛІ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қаржы саласының үздігі Қалқазбек Әжібеков 70 жаста. Мерейтой иесіне Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» табысталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесін құттықтап, аймақтың дамуы жолында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.
Сіз еңбек жолыңызды Қазақстанның экономикасы құрылып жатқан уақытта яғни 90-жылдары бастадыңыз. Содан бері мемлекетіміздің экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етіп, қаржы саласының заманауи деңгейіне көтерілуі үшін жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіз үшін мемлекет тарапынан көптеген марапаттарға ие болдыңыз. Оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, «Парасат» ордені бар. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-кеңесіңіз бүгінгі жастар үшін аса қымбат»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қалқазбек Әжібековтің әріптестері – мемлекет және қоғам қайраткері Сейітсұлтан Айымбетов және салық жүйесіндегі екінші дәрежелі Мемлекеттік Кеңесшісі Дайрабай Ысқақұлы да жылы лебіздерін білдірді.