Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Партия мүшелері қатысқан жиында бірнеше мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек пен демеушілер арқылы көрсетілетін жәрдемақы. Ол жайында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова баяндады. Оның айтуынша көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау жүзеге асырылып келеді. Мәселен, соңғы 9 айда 14600 отбасы әлеуметтік көмекке қол жеткізген. Бүгінге дейін өзінің айлық табысын төмендетіп, жалған ақпаратпен жәрдемақы алғандар да анықталған. Оңай олжаға кенелгісі келгендердің саны 400-ден асады. Олардың тарапынан 150 млн теңге қаражат мемлекетке кері қайтарылды. Ал бұл шешімге қарсы болған азаматтардың ісі сотқа жіберілген. Сонымен қатар, келер жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері жаңа заңға сәйкес төленеді. Бұл тұрғыда олардың айлық табыс көзі есепке алынбайды.
Ал мектеп асханаларына жүргізілген мониторинг бойынша атқарылған жұмыстарға қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Әбдіхалықова тоқталды.
– Қала бойынша барлығы 54 мектептің асханасын тексеру жұмысы жүргізілді. Олардың арасында 21-нің талапқа сай еместігі анықталды. Соған орай, мектеп асханасын жалға алған кәсіпкерлермен бірлесе отырып, жөндеу жұмысын жүргізуді қолға алудамыз. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жағы да қарастырылуда, – деді ол.
Бұдан бөлек жиында «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов партияның бірінші жартыжылдықта және өткен 9 айда атқарылған жұмыстар легімен таныстырып өтті.
– Биыл депутаттарға азаматтар тарапынан 260-тан аса өтініш келіп түскен. Бұл халық сенімінің жылдан-жылға артқанын білдіреді. Жетекші партияға мүше болған халық қалаулылары ел сенімін ақтау үшін абыройлы жұмыс істеуде. Алдағы уақытта да депутаттарды белсенді болуға шақырамын. Олардың жасаған жұмысы өз кезегінде бағалау критерийлері бойынша нақтыланады, – деді Шәріп Әбдірахманов.
Партия мүшелерінің бірлескен отырысын қорытындылаған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлім басшылары мен депутаттарға тиісті тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА
28 қазан 2019 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам