Әлеуметтік көмек – мұқтаж отбасыларға
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Онда облыс орталығындағы бүгінгі күннің маңызды мәселелері таразыланды. Мәжілісте қала басшысы алдымен жаңа тағайындауға тоқталды. Енді Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін Имамадин Зәкірұлы Оңғарбаев атқарады.
Өзінің еңбек жолында көптеген қызметтерді атқарған азамат 2012 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны "Арал СЖКБД" филиалының директоры болды.
Мәжілісте Тасбөгет кентінің әлеуметтік дамуы, кентте жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Аталған мәселеге байланысты кент әкімі Пахуатдин Шамұратов хабарлама жасап, сала бойынша атқарған іс-шаралар барысын баяндады.
Жыл басынан бері Тасбөгетте әлеуметтік салада оң өзгерістер жүзеге асып, біршама жұмыстар ел игілігіне айналды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға барлығы 350 азамат тапсырды. Кентте кәсіпкерлер саны да жыл сайын артып, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жаңадан 10 жеке кәсіпкер тіркеліп, кенттегі кәсіпкерлік нысандар саны 692-ке жетіп отыр.
– «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша кентте өткен жылы 50 жоба мақұлданса, биылғы жыл басынан бері тұрғындардан 30 жобаның құжаты қабылданды. Оларды қаржыландыру бойынша кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, тиісті жұмыстар жасалады, – деді П.Шамұратов.
Сондай-ақ, кенттегі 54 көшенің 35-не асфальт төселген. Биыл тағы 3 көшені жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Кентте жол жөндеуге байланысты жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу ісі өз деңгейінде атқарылып, әрбір көшенің талапқа сай болуына мән берілуде.
Қала әкімі өз кезегінде кенттегі жаңадан салынған №172 орта мектепке баратын Ә.Оразбаев көшесінің жол жөндеуі, 1700 орындық жаңа мектеп құрылысы секілді мәселелердің алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
Одан кейін, атаулы әлеуметтік көмек және көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін жәрдемақы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар таразыланды. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова бұл мақсаттағыц іс-шаралардың жоспарын саралады.
Атап айтқанда, биыл бұл бағытта 894,8 млн. теңге қаржы қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 340,7, жергілікті бюджеттен 554,0 млн. теңге бөлінеді. Бүгінгі күнге дейін 2791 отбасына 296,8 млн.теңгесі төленді. Биылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін 50 пайыздан 70 пайызға (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) көтерілді.
– Осыған байланысты, қалалық жұмыспен қамту орталығының өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген көмекті алушылар қатарынан 4000-нан астам отбасыдан өтініштер келіп түседі деп күтілуде. Осыған сәйкес алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2 млрд. 840 млн.теңге және шартты ақшалай көмек алушы 1065 отбасына 200 млн.теңгеге жуық қайта есептеу жүргізіліп, қосымша қаржы бөлу жобалануда, – деді Г.Рахметова.
Мәжіліс соңында қала әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жалғастыру жөнінде тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Биболат СӘТЖАН.