Жалағашта аламан айтыс өтті
Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, ауданда «Тарихы терең, еңбегі ерен – Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ақындар аламанын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.
Шара барысында аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы сөз алып, ақындарға сәттілік тіледі. Кіл жүйріктер сынға түскен сайысқа Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан, Орал, Шымкент қаласы мен Алматы, Қызылорда облысынан 10 ақын қатысты. Ақындардың дүбірлі додасына ақын, сазгер Елена Әбдіхалықова, журналист, публицист «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын Бауыржан Қалиолла, ақын Қалқаман Сарин және сырбойылық ақын Ғазиза Әбілда әділ-қазылар орнынан табылып, төрелік жасады.
Сайыс нәтижесінде Шалқарбай Ізбасаров 3 орынды иеленсе, Айдос Рахметов 2 орынды қанжығасына байлады. Ал 1 орынға Талғат Мықи лайық деп танылса, бас жүлдеге Мұхтар Ниязов ие болды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табыс етілді.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА