Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бал арасы азайып бара ма?

Бал арасы азайып бара ма?

   Күнделікті тұрмыста бал өнімінің адам ағзасына пайдалы екенін жақсы білеміз. Оның суық тигенде беретін оң әсерінен бөлек, денсаулықты жақсартуда емдік қасиеті жоғары. Сол сияқты араның да тіршілікке пайдасы өте зор. Мұны жіті білетіндер бүгінде елімізде омарташылық кәсіпті дамыту керектігін алға тартады.
Бұл сала мамандары оны «қанатты агротехник» деп атайды. Себебі, гүлдерді шаң-тозаңнан тазартып, одан адамға пайдалы өнім береді. Тек тағам өндірісі ғана емес, ауыр және жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын балауызды да осы қанаттылар өндіреді. Тіпті, оның уының өзі – буын ауруларына таптырмас ем. Яғни, оны медицина, ветеринария және косметика өндірісінде де қолданылады. Бір қызығы, әлемдегі ең ұзақ сақталатын өнімде осы араның балы болып табылады. Оның сақталу мерзімі 3 мың жылға дейін жетеді. Ендеше, адамзатқа осыншама пайдасы бар тіршілік иесін көбейтіп, ара шаруашылығын неге қолға алмасқа?

Пайдалы жәндік кеміп кетті
Омарташылық кәсіппен бұрын көбіне өзге ұлт өкілдері көбірек айналысатын еді. Бал өндірушілердің басым бөлігіде солар. Дегенмен еліміздің бір кездері бал өндірісі бойынша алдыңғы орында болғанын ескерсек, бұл бізге таңсық дүние емес. Тек егемендік алған жылдары тоқырауға ұшыраған сала бертін келе қолға алына бастады.
Жалпы, елімізде бұл саланың тарихы Шығыс Қазақстан өңірімен байланысады. Бастапқыда таулы аймақтарда дами бастаған кәсіп кейіннен еліміздің өзге де өңірінде де кең тараған. Бүгінде омарташыларды барлық аймақтан кездестіруге болады. Ара өсірудің қыр-сырын меңгерген кәсіп иелері енді оны одан әрі дамытудың жолын қарастыруда. Өйткені, қазіргі таңда бал арасының азаюы әлемдік проблемаға айналуда.
Бұл жағдай он жылдан астам уақыт бұрын Еуропа елдерінде байқалған көрінеді. Сол уақытта ұлыбританиялық ғалымдар аталған мәселеге алғаш алаңдаушылық танытқан. Олардың сөзінше соңғы 10 жылда бір ғана АҚШ-тың өзінде жабайы араның 90, бал арасының 80 пайызы жойылып кеткен. Мамандар мұның адамзат тіршілігіне үлкен қауіп әкелетінін айтқан. Бұған Германия, Грекия, кәрі құрлықтағы елдер мен Польша, Украина елінің омарташылары да қолдау білдірген. Яғни, бұл мәселенің барлық елде кездесуі осындай дүрбелең туғызуда.

Қанатын жейтін кенелер бар
Ауыл шаруашылығы кең өріс жайған Сыр өңіріде бал арасын өсіруге қолайлы аумақ. Сондықтан бұл кәсіп көзі бізде де дұрыс жолға қойылып келеді. Бүгінгі күні облыста омарташылар қауымдастығы құрылып, осы саланы өркендету жолында бірлесе жұмыс жасауда. Ал, бал арасының азаю себебі неде?
– Бал арасын өсірудің өндіріске пайдасы зор. Дегенмен шаруашылықта кездесетін мәселе де жоқ емес. Соның бірі – көктемгі егін кезіндегі зиянкестерге қарсы жүргізілетін улау жұмыстары. Біздегі басты проблема осы. Себебі, өсімдіктің 80 пайызын бал арасы, жабайы ара 20 пайызын тозаңдандырады екен. Осыдан-ақ оның салдарын аңғаруға болады. Негізі, ара шаруашылығы дамыған елдерде оларды қорғауда арнайы заң қабылданған. Мұндай шара жасалатын кезде омарташыларға алдын ала ескертіледі. Өкінішке орай бізде оған мән бермейді. Сол себепті мұны омарташылар тарапынан қозғау қажет. Қазіргі кезде ресейлік омарташылар бал арасының 50 пайызға азайғанын айтып жүр. Оның да басты себебі осы болса керек. Сондай-ақ, олар орманды алқапта орналасқандықтан өрттің жиі шығуы да кері әсерін береді, – деді омарташы Ерік Тасыбаев.
Тағы бір айта кетер жайт, бал арасын түбегейлі жойып жіберетін «Varroa» атты кене бар көрінеді. Ұяға кіріп-шыққан барлық жарғаққанаттылардың қанатын жеп қоятын оның қауіптілігі сол – ұяға шоғырланғаны да, ондағы тіршілікті бүлдіргені де білінбейді екен. Тек тіршілігі жойылған кезде ғана омарташылар қол сермеп қалып жатады. Десе де мұндай жайтты бастан өткергендер алдын ала дәрі сеуіп, келер қауіпке кедергі жасайды.

Адам ағзасына пайдалы
Кез келген мәселені қозғамас бұрын оның жай-жапсары толық зерттелетіні анық. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, аралар жойылса адамның тіршілік ету жағдайында тоқырау болады. Мәселен, жер бетіндегі өсімдік пен көкөністердің 90 пайызы азық болса, оларды адам ағзасына пайдалы ететін ара көрінеді. Сол сияқты киім-кешекке қажетті шикізат та солардың арқасында жарамды болады. Тіпті, табиғи биоотын өндірісінде оны бөлетін түрлі элементтер араның тозаңдануы арқылы келеді екен. Дегенмен ғалымдардың бұл пікірімен келіспейтіндер де табылады. Олар қанаттылардың кез келген жағдайға бейімді келетінін айтады. Жойылған жағдайда тіршілік әлеміне кері әсер етпейді, оларсыз да өсімдік дүниесі тозаңданады деген пікірде.
– Ара өсімдіктерді тозаңдандырушы жәндік екені белгілі. Әсіресе, гүл шырыны арқылы ағзаға пайдалы балды өндіреді. Жалпы алғанда, оның тіршіліктегі пайдасы зор. Дегенмен олардың азайып бара жатқандығы қазір омарташыларды да, сол саладағы мамандарды да алаңдатуда. Аймақта аралардың азаюына бірден-бір себеп – егістікке себілетін пестицидтердің әсері. Оған қоса өз тіршілігіндегі жаулары да өз ықпалын тигізеді. Мәселен, арамен қоректенетін құс, кене түрлері бар. Аталған мәселенің алдын алуда шетелдік ғалымдар күш салуда. Себебі, Еуропаның кей елдері экономикасын жеміс-жидек өнімімен, өнеркәсібімен дамытып отыр. Сондықтан оларға бұл жәндіктің жойылуы тиімсіз. Ал, елімізде «Бал-Ара» омарташылар одағының мүшелері мұны жолға қою үшін жұмыс жүргізуде. Бал арасының жойылуының адамзат тіршілігіне тигізетін қаупі зор. Ол сан түрлі дертке шипа бал өндірісінің тоқтауына итермелейді. Сондықтан жарғаққанаттылар отрядын өсіру экономикалық тұрғыдан да, денсаулық жағынан да өте тиімді екенін ескеруіміз қажет, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Байкенжеева.

Түйін сөз: Азығы үшін сағатына 6 шақырымнан астам қашықтықты артқа тастап, сан мың гүлді тозаңдыратын тіршілік иесінің адам баласының өмірінде осыншалық маңызы бар. Балынан бөлек өзінің де түрлі дертке шипа болатын олардың бізге аса қажеттелігін аңғару қиын емес. Мамандардың айтуынша, бал арасы орналасқан аумақтағы егістік, бау-бақшалар мол өнім беретін көрінеді. Яғни, шетелдік ғалымдардың «ара жойылса тіршілік әлсірейді» деуінің бір себебі де осы.
Бал арасының 20-дан астам түрі бар. Отандық омарташылар соның санаулы түрін ғана өсіреді. Көбісі бал өндіруде жергілікті ара тұқымын қолданады екен. Ал асыл тұқымды бал арасын көбейту машақаты көп шаруа сыңайлы.
Ауыл шаруашылығы саласында шығыны аз, өнімі мол – осы ара өсіру. Мұны біржолға қойып, тұрақты кәсіп көзіне айналдырса табысты болмақ. Бір қызығы, біздің өңірдің балының дәмі ерекше болады екен. Себебі, аймақта еліміздің басқа аумағында кездесе бермейтін кейбір өсімдіктер өседі.
Айдана САЙДУЛЛА
04 қараша 2019 ж. 1 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам