Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Салық түсімі артып келеді

Салық түсімі артып келеді

   Сыр өңірінде бизнес нысандарының саны бүгінде 54 мыңнан асады. Оларда 280 мыңға жуық адам еңбек етуде. Соңғы жылдары аймақтағы салық төлеушілердің жауапкершілігі артып келеді. Соның нәтижесінде жыл басынан бері мемлекеттік бюджет жоспары теңгеге артығымен орындалды.
– Бүгінде тәуекелді басқару жүйесі арқылы салықтық тексеру қолға алынды. Қазір бизнесті тексеру жоспарынан бас тартып аталған жобаға көштік. Осы тұста «Заң бұзушылық болмаса – мемлекет тарапынын тотальдық бақылау жоқ» деген қағидат негізінде тәуекелді басқаруды жетілдіре түсудеміз. Ондағы басты мақсат – салық төлеушілерді ерікті түрде төлеуге қол жеткізу. Жеке кәсіпкердің қызмет түріне байланысты тәуекел жобасы төмен, орташа, жоғары деп үш топқа бөлінеді. Олардың салық мөлшері де әртүрлі. Сонымен бірге, аталған салада кмералық бақылау іске қосылды, – деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Келесі жылдан бастап, патент және бірыңғай жер салығы арнаулы салық режимі негізінде жасалады. Оның ішінде 13985 тұлға есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолдануға тиіс. Белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу және бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік маңыздылығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ұйымдастырылуда. Мұнда бағалы сыйлық ұтып алуға мүмкіндік берілуде. Аталған шара 21 тамыздан 30 қарашаға дейін өткізіледі. Әрбір қатысушының телефон теңгеріміне 5000 теңгеге дейін ұтыс алуға мүмкіндігі зор. Сондай-ақ, барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлдесі – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.
Айта кету керек, жыл басынан бастап, шағын және орта бизнес субьектілеріне салықтық рақымшылық жасалуда. Мәселен, өткен жылдың 1 қазанынан бастап төленбеген салықты осы жылдың соңына дейін төлеп құтылса өсімпұл мен айыппұлды алып тастайды.
Бүгінде мемлекеттік кірістер органдары 45 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде салық органдарына – 28, кеден  органдарына – 17 түрі бектілген. Жыл басынан бері аймақта 379051 мемлекеттік  қызмет көрсетілген. Мұның басым көпшілігі электронды жүйемен жүзеге асқан. Департамент басшысының айтуынша, қазір қызметтің қолжетімділігін арттыру сапасын жақсарту үшін салық және кеден саласына мамандар бөлінді. Атап айтқанда, «Контакт орталығы» құрылып, телефон байланысы арқылы түскен сауалға тиісті мамандар жауап береді. Одан бөлек, мемлекеттік қызмет туралы халықтың пікірін, көзқарасын оң бағытқа жақсарту мақсатында түрлі әлеуметтік желілер мен ресми сайт арқылы түсіндірме жүргізілуде.
Ақмарал ОЛЖАБАЕВА
 
05 қараша 2019 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам