Облыстық қос басылым құрметіне дойбыдан турнир өткізілді
Биыл облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің жарыққа шыққанына 90 жыл толады. Аталмыш мерейтойға орай қос басылым қоныс тепкен шығармашылық үйінде дойбыдан ардагерлер арасында турнир өткізілді.
Атаулы мерейтойға арналған спорттық шаралар легі осылайша дойбы сайысынан басталды. Оған «Сыр бойы» және «Кызылордиснкие вести» газеттерінде қызмет атқарған қарт қаламгерлер қатысты. Турнирге қатысқан ардагерлер бір-бірімен өзара сайысқа түсті.
Нәтижесінде «Сыр бойы» газетінде бірнеше жыл бас редактор қызметін атқарған Жұматәли Әбдіраман бірінші орынға ие болды. Ал аталмыш басылымда ұзақ жылдар бойы бөлім басшысы болған белгілі жазушы Айжарық Сәдібекұлы екінші, бас редактор және бас редактордың орынбасары қызметін атқарған Әскербек Рақымбекұлы үшінші орын алған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай жүлделер табыс етілді.