ҚАЛАМГЕРЛЕР ОЙ ЖАРЫСЫНА ТҮСТІ
Қазақ руханиятының жаршысы болып, тарихтан тағылым тапқан, ойлы оқырманы бар «Әлімсақ» журналына биыл 10 жыл. Басылым ұжымы мерейтой аясында салтанатты іс-шара, оқырмандар кездесуін ұйымдастырды. Сондай-ақ бүгін шығармашылық азаматтарды біріктіріп, бұқаралық ақпарат құралдары арасында турнир өткізді. Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде өткен сайыста журналистер шахмат пен дойбы сайысында өзара мықтыны анықтады. Тақта үстіндегі тайталаста тілшілер тізгін тартып қалмады. БАҚ өкілдері ойлы ойында оза шабуға тырысып, тартысты өнер көрсетті.
Дойбы сайысы қорытындысында І орынды Сәбит Көшербаев, ІІ орынды Дүйсенбек Аяшұлы, ІІІ орынды Асқар Тәжиев қанжығасына байлады.Ал, шахмат бәсекесінде өзара мықтыны анықтау ұзаққа созылды. Ақ пен қара айқасында Тимур Қасымов І орын, Нұржан Батыршаев ІІ орын, Виталий Скарняков ІІІ орындарды еншіледі.
Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталды.