Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары түсіндірілді

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары түсіндірілді


Республика бойынша 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртіптері өзгереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева мәлімдеді.
"Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көп балалы отбасыларға, яғни 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар жанұяның табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге қарастырылған",- деді Алтын Итенқызы.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті тоқсан сайын тағайындау жұмыстары қайтарылып, учаскелік комиссиялардың жұмысы күшейтіледі. Егер отбасының құжаттары талаптарға сай келмесе, оларға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тоқтатылуы мүмкін екендігі ескертілді.
Мұнан өзге, аталмыш көмектің жаңа механизмдерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілді әлеуметтік пакеті ұсынылып, онда аз қамтылған отбасылардың балаларына жағдай жасалады.
"1-6 жас аралығындағы балалар азық-түлік жиынтығы және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп киімдерімен қамтылады. Сонымен қатар, мектепке бару шығындары өтеледі. Медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі",- деді Шаризат Елтайқызы.
Баспасөз конференциясында аталған әлеуметтік қолдау шаралармен қатар балалары бар аз қамтылған отбасыларға үй бизнесін жүргізу дағдыларын игеруге көмек көрсетілетінін айтты. Курстан өткен аналарға қажетті жабдықтар сатып алу үшін қайтарымсыз гранттар беріледі. Сондай-ақ, «Менің кәсібім» жобасын іске қосылады, оның аясында демеушілер есебінен аналарға шағын үй бизнесімен айналысуға ықпал жасалады.
09 қараша 2019 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам