Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА СИПАТТАҒЫ АТАУЛЫ КӨМЕК

ЖАҢА СИПАТТАҒЫ АТАУЛЫ КӨМЕК

   Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кент және ауылдық округ тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу шарасы кестеге сәйкес Қызылорда қаласына сәйкес Қызылжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Аталмыш шараларды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жүргізді. Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – мемлекет тарапынан ақшалай берілетін төлем. Сала мамандарының айтуынша, ол келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда. Аталмыш көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан аз отбасыларға, олардың еңбекке қабілетті мүшелерін міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына ықпал етеді. Егер ондай адамдар жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Алайда, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға, бала күтімімен отырған аналарға, нақты себептерге байланысты еңбек ете алмайтындарға ол ешбір шартсыз тағайындалып, төленеді.Сондай-ақ, мамандар түсіндірме жұмыстары барысында аталмыш көмек отбасындағы жұмысқа жарамды мүшелері еңбекпен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана көрсетілетіндігін атап өтті.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
28 қараша 2017 ж. 1 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам