Жеңімпаздарды құттықтады

Корей елінде өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 96 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз зілтемірші Рахат Бекболат Азия чемпионы атанды. Он бес жасар Рахат бүгіннің өзінде ауыр атлетикадан «ҚР Спорт шебері» атағына ие. Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы. Биылғы наурыз айында Лас-Вегас қаласында өткен Әлем чемпионатында жұлқа, серпе көтеру және қоссайыс нәтижесінде 2 алтын, 1 күміс медальді иеленген.
Қала әкімі салтанатты кездесуде ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Вилорий Пак пен ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы Нұржан Смахановқа және жас таланттарды өнерге баулып жүрген А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің жетекшісі Бағдагүл Есмұрзаеваға «Құрмет» грамотасын табыстады.