Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

"Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды. Түңгі ауа температурасы 28-32 градус аязға дейін төмендесе, күндіз минус 18-23 градустан жоғары болған жоқ, бұл орташа көпжылдық мәннен 8-13 градус төмен", - делінген хабарламада. Арктикалық суық фронт оңтүстік бағытта жылжиды, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында температураның төмендеуі күтіледі. Ал солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті кезекті циклонмен 22-23 қарашада аяздың әлсіреуі күтіледі.