Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2018 жылдың 22-24 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. "Алдағы күндері Қазақстанға әсерін тигізген антициклон әлсірей бастайды.
Бірақ Таймыр төңірегінде жаңа антициклон қалыптасып, және ол күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аймақтарына ығыса бастайды және оның сілемі Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде суық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, қар тек республиканың жеке аймақтарында күтіледі, тұман оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында сақталады, батыс аймақтарда да тұман, сонымен қатар көктайғақ болады", - делінген хабарламада. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бұрынғыдай түнде 30-39 градус аяз күтіледі, бұл климаттық нормадан 7-10 градус төмен.