Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жыл соңына дейін 1738 отбасыға пәтер беріледі

Қызылордада жыл соңына дейін 1738 отбасыға пәтер беріледі

   «Өмір сүру сапасы ең алдымен тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап етеді». Елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов осылай деді.
Соңғы 3,5 жылда Қызылорда облысының аумағында 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биылдың өзінде 48 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүруде. Бұл тұрғын үйлерде барлығы 2000 пәтер болады. Оның 1738 пәтерлік 40 тұрғын үйі жыл соңына дейін, оның ішінде қазір қарқынды құрылыс жүріп жатқан Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «жаңа қалада» іске қосылмақ.
«Осы арада айта кетсем деймін. Бұған дейін облысты абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Елбасы тапсырмаларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын оңтайлы, сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында сол жағалауда жаңа қала салу туралы бастама көтерген болатын», – деп атап өтті Қ. Ысқақов.
Облыс әкімінің айтуынша, сол жағалауды игерудің бастамасы ретінде бүгінде Сырдария өзенінің екі жағалауын ұштастыратын жаңа автомобиль көпірі іске қосылған.
2018 жылы сол жағалауда 1925 жылы «Қазақ» халқын қайта атау туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқарушы Комитетінің бұрынғы ғимаратының сызбасы негізінде қаланған Рухани жаңғыру орталығы бой көтерді.
Сондай-ақ, биыл Жастар ресурстық орталығы пайдалануға берілген.
22 қараша 2019 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам