Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сол жағалаудағы сәулетті ғимараттар

Сол жағалаудағы сәулетті ғимараттар

Бүгінде елімізде халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі негізгі басымдыққа ие екені белгілі. Аймағымызда осы саладағы жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылып келеді. Соның бір мысалы кеше облыс орталығындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында 40 пәтерлі үйдің іргетасы қаланды.
Күннен күнге сәулеті артып, зәулім химараттар бой түзеп келе жатқан сол жағалауда аумағы 1532 гектар 3 млн.шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешені орналасады. Бұл 2025 жылға дейін 50 мыңнан астам адамды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 16 мектеп, 12 балабақша және 4 денсаулық сақтау мекемесі, 15 мың жанкүйерге арналған стадион және тағы басқа нысандардың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жаңа нысандардың іргетасын қалау рәсімінде жұртшылықты қуанышты жаңалықпен құттықтады.
– Бүгін біз сол жағалаудағы жаңа шағын аудандарың алғашқы үйінің іргетасын қалап отырмыз. Бұған дейін салынған шағын ауданның 70 пайызға жуық пәтер иесі қоныстанып үлгерді. Жыл соңына дейін мұнда 2466 пәтерлік 53 үй салынады. Жалпы, соңғы 6 жылда аймақта 361 көп қабатты үй немесе 7000 пәтер салынды. Оның ішінде 600 астам пәтерді бұрынғы апатты үйлердің тұрғындары алды. Қызылорда облысы – апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесін толық шешкен Қазақстандағы бірден-бір аймақ, – деді облыс әкімі.
Облыста жыл сайын құрылыс жұмыстарының көлемі артып келеді. Соңғы 5 жылдың өзінде облыс орталығында 4 мың пәтерлік  көпқабатты 80 үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл – қызылордалықтардың әл-ауқатының өсіп жатқанының дәлелі. Алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 320 орындық балабақша, 600 орындық мектеп және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 орындық емхана салу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорданың сол жағалауындағы құрылыс 2016 жылы басталған еді. Өткен жылы сол жағалаудағы жаңа қалада жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынған 14 көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» орталығы мен 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы «Болашақ» университеті кампусы мен Жастар орталығының құрылысы аяқталды. Соңғы 6 жылда өңірде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынған.
«Ақмешіт-ақпарат».
24 маусым 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам