Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 700 орындық «Orda School» жеке бастауыш мектебі ашылды

Қызылордада 700 орындық «Orda School» жеке бастауыш мектебі ашылды


Бүгін облыс әкімі Қ. Ысқақов Қызылорда қаласындағы 700 орындық «Orda School» жеке бастауыш мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Карина арнайы келіп, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаева мен вице-премьер Б.Сапарбаевтың құттықтау хаттарын табыстады.
Өңірде балабақшалардың желісі жыл сайын артып келеді. Оның 72 пайызы жеке сектордың үлесінде. Нәтижесінде, 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған. Облыста үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі де толық шешілген. Аймақ мектептерінің 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етіліп, компьютерлер 100 пайызға жаңартылған.
Қазіргі таңда өңірімізде мемлекет пен жеке бизнес секторының арасында тығыз байланыс орнағаны белгілі. Бүгінгі күні Қызылорда қаласында 4 жеке мектеп жұмыс істейді. Мектептерде жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырыстар берілген. Осы жұмыстардың алғашқы жемісі ретінде «Orda School» бастауыш мектебі құрылды. Мектептің даму стратегиясына сәйкес ауқымы кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 700 орындық жаңа ғимараты қаламыздың сол жағалауындағы жаңа қалада орналасқан.
"Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен білім саласына, жас ұрпаққа сапалы білім беруге ұдайы көңіл бөлініп келеді. «Келешектің кілті – білімді ұрпақтың қолында» деген қағидат берік қалыптасты. Міне, соның дәлелі – бүгін тағы бір жаңа мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Болашағымыз балаларымыз үшін олардың заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Биылғы жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алғашқы Жолдауында педагогтардың мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру, еңбек нарығына сапалы мамандар даярлау, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту мәселелерімен бірге бала тәрбиесіне қатысты нақты басымдықтарды айқындап берді ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
01 желтоқсан 2019 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам