Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨҢІРДЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

ӨҢІРДЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

   Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыста үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілгенін мәлім етті.
Бүгін өңір басшысы 2018 жылдың 9 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Көшербаев өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі мерзімінен бұрын шешілгенін, әрі «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Облыста үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Сонымен қатар, өткен жылы апатты жағдайдағы мектеп мәселесіне де нүкте қойдық. Мысалы, 2013 жылы облыста 37 апат алдындағы мектеп болды. Биыл Жаңақорған, Жалағаш аудандарында апатты жағдайдағы тағы 2 мектеп тіркелді. Бұл мәселе бүгінде бақылауда және тиісті шаралар жүргізілуде», - деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен брифингте.
Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатқанын жатқанын атап өтті.
«2013 жылдан бері 200-астам әлеуметтік нысан салынды. Ол – білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салалары бойынша. Мысалға, 57 апатты жағдайдағы денсаулық сақтау мекемесінің орнына, 49 жаңасы салынды, қалғаны 2019 жылы тұрғызылады», - өңір басшысы.

                                                                      Baq.kz
05 қараша 2018 ж. 1 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам