Қызылордалық полицейлер рейдтік шараны қорытындылады
29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәулет Сүлейменұлы Беркімбаевтің бастамасымен полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Өсербаев көшесінде рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлерімен бірге кезекті күндізгі және түнгі рейдтерге қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жергілікті белсенді тұрғындар шықты.
Іс-шара кезінде Қорқыт Ата № 7, Өсербаев № 67, және Әйтеке Би № 24, 26 үйлердегі пәтерлерді жалға беретін агенттіктердің иелерімен кездесу жүргізіліп, олармен пәтер беру барысында құқық бұзушылықты болдырмауға, санитариялық талаптарды сақтауға, тұрғындардың түн тыныштығын бұзбау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сонымен бірге, шетел азаматтары пәтерді жалға алуға келгенде міндетті түрде учаскелік полиция инспекторына ескертуді, оларға құқық бұзушылық жасамау жөнінде ескертпе жасау қажет екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкен иелеріне белгіленген уақыттан кейін спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылды.
Іс-шара барысында барлығы 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 437 (тыныщтықты бұзу) бабы бойынша-6, ҚР ӘҚБтК 434(ұсақ бұзақылық) - бабы бойынша – 5, ҚР ӘҚБтК 440 (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) - бабы бойынша -5 дерек.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі