Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады

Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады

  Байқоңырлықтар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқоңырда тұратын қазақстандықтарға пәтер кілтін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тапсырды.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Байқоңырда соңғы 30 жылда алғаш рет 50 пәтерлік бес көпқабатты үй салынғанын атап өтті. Жалпы аумағы – 15 700 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының құны 2 млрд 210 млн теңгені құраған.
Көпқабатты бес үйдің құрылысы өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында басталған. Биылғы қазан айында пайдалануға беріліп, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тапсырылды.
250 пәтердің 50-і «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі қазақстандық құрылымдарда жұмыс істейтін мамандарға қызметтік баспана ретінде берілетін болып шешілді. Қалған пәтерлерге көп жылдан бері кезегін күткен тұрғындар жайғасады.
Баспаналы болғандардың ішінде «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік кәсіпорнының қызметкері Қорғанбек Қайназаров та бар. Ол аталмыш компанияда бөлім бастығы болып еңбек етеді. Оның айтуынша, бұл қазақстандық зымыран кешенін құру үшін тынбай еңбектеніп жүрген кәсіпорын мамандарын ынталандыра түседі
08 желтоқсан 2019 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам