Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алтын-күміс тас екен...

Алтын-күміс тас екен...

  Жақында ағамның үйіне құрдастары қонаққа келді. Бүгінде олар – елуді еңсеріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған кісілер. Алды немере сүйіп отыр. Олардың бірі биыл қыз ұзатты. Той жасау өзара бәсекеге айналған мына заманда бәрінің де айтатыны – оның қалай өткенін, жөн-жоралғыға не әкелгенін талқылау.
Біткен іске қашанда сыншы көп. Бұл тойды бірі мақтаса, енді бірінің көңілінен шықпаған. Әрине, әркімнің талғамы, таңдауы сан түрлі емес пе?. Тойдың қалай өткені, құда жақтан қанша адам келгені бәрі-бәрі той егелері келмей тұрғанда айтылды. Олар келісімен әңгіме ауаны басқа арнаға бұрылды.
Осылайша қарша жауған сұрақтарға әлгі үйдің әйелі мақтанып құдағиының таққанын жарқыратып  көрсетуде. Әрине, кәдесіз қыз болмасы анық. Құда түсіп, қолдан алғаннан кейін жігіт жақта құр алақан келмейді ғой.
Ендігі кезек – қыз ұзатып құда атанған Олжан ағаға келді. Үндемей отырған ол бұл жүзіктің бірінші қызынан таққан алтынынан жіңішке екенін айтып, реніш білдірді. Құрдастардың қалжыңы қалған ба? Осы тұста біреуі «Ұнамаса маған бер, қолыңдағы алтының жетеді ғой» демесі бар ма? «Жоқ, саған неге береді? Маған беру керек» деген дауыс келесі бөлмеден де естілді. Сонымен не керек, сол жерде ер кісілер алтын жүзікке таласты. Арасында дінге берік, бес уақыт намазын оқып жүрген бір құрдасы бар еді. Ол айтысып-тартысып жатқан жолдастарына дін жолында ер кісіге алтын тағу харам екенін түсіндіргісі келген еді. Оған ешкімнің де құлақ асар түрі жоқ.
«Алтын көрсе періште жолдан таяды» демекші, қазір ер кісілерің көбісі жылтыраған дүниеге құмартуда. Дегенмен, бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Соңғы жылдары ортадағы алыс-берісте алтын емес күміс таққаны үшін қаншама келіспеушілік туындауда. Соның салдарынан екі жақ ортақ мәмілеге келе алмай жатады.
Бүгінде кей азаматтар мойынына алқа, қолына сағат, саусағына сақинаны қос-қостап алтыннан таққанды сәнге айналдырды. Мәселен, жас жұбайлардың неке жүзігінің өзі алтын.
– Шариғатта ер кісілерге алтын бұйымдарды тағуға тыйым салынған. Бұл Құранда айтылмағанмен, Пайғамбарымыздың хадистері арқылы бекітілген. Хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с. оң қолына жібек, сол қолына алтынды алып: «Бұл екі нәрсе үмметімнің ерлеріне тыйым салынған» деген екен. «Жібек киімдерді кию және алтын бұйымдарды тағы үмметімнің ерлеріне тыйым салынып, әйелдеріне рұқсат етілген» делінген. Ислам ғұламаларының ортақ ұстанымы бойынша ер кісілерге алтын тағу харам, яғни, күнә болып табылады, – деді дін мәселелерін зерттеу орталығының оңалту және діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің аға маманы Сержан Андарбаев.
Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми зерттеулер алтынның ер кісінің денсаулығына кері әсерін тигізетінін растауда. Ал, ең қызығы, аталған бұйымның әйелге еш зияны жоқ көрінеді. Бір айта кетерлігі, алтынның орта жасқа таяп қалған әйелдерге тигізер пайдасы зор екен.
Ақмарал ҚАДЫРХАН
10 желтоқсан 2019 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам