Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзодаев топтың тарауы жайында бар шындықты айтты

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзодаев топтың тарауы жайында бар шындықты айтты

 Мұқасан Шахзадаев топтың таралуына қатысты ел аузында жүрген әңгімені жоққа шығарып, өз пікірін білдірді. Мәселе қаржыға емес, көңілге қатысты екенін айтып ағынан жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жылқышыбаймен уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Айтуынша топты қайта құру үшін араға біраз өнердегі бауырлары келіп, ақылға шақырған көрінеді. Одан бөлек қаржы мәселесіне қатысты да түсініспеушіліктер болған. Бірақ Мұқасан мырза бұның барлығы себеп деуге келмейтінін, көңілге кірбің түсірген бөлек дүние екенін ашып айтты.

"Ол (Нұрлан) менің өзіме, әкеме тіл тигізген. Соған қатты ренжідім. Әйтпесе, ақша немесе басқа дүниеге мән беретін адам емеспін. Ақшаның саны да, өзі де маңызды емес. Бастысы көңіл ғой. Қанша жыл бірге жүрген досың көңіліңе қаяу түсірсе, ол ауыр дүние екен ", - деді Мұқасан.

Нұрланның томаға-тұйық мінезіне қарап, біреуді жамандайды деу мүмкін емес, сізге ауыр сөз айтқаны қаншалықты қисынды деген жүргізуші сауалына да жауап табылды. Мұқасан досының мінезін жақсы білетінін, жамандыққа қимайтынын жеткізді.

Сахналас серігі бетіне болмаса да, өзгелерге барып өзін, әкесін жамандағанын және сол үшін қатты өкпелі екенін айтты.
11 желтоқсан 2019 ж. 1 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 062 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам