Жаңақорғанда екі спорт кешені ел игілігіне берілді
ҚР Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында бүгін Жаңақорған ауданы Қожакент жəне Сунақата ауылдық округтерінде екі спорт кешені ашылды.
Қожакенттегі спорт кешенінде 350 бала спорттың 5 түрімен: ауыр атлетика, қазақ күресі, самбо, бокс, волейбол, Сунақата ауылында 800 бала спорттың 4 түрі: самбо, қазақ күресі, таеквондо, волейболмен шұғылданады.
Айта кетейік, облыста спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Соңғы екі жылда 16 спорт ғимараты пайдалануға берілсе, оның 9-ы мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында атқарылған, ал, 7-уі облыстық бюджет есебінен салынған.
Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын тауып, Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 18 жоба жүзеге асырылады.