Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

  Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.Қазіргі кезде аймақта дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27 көтеріліп, 211 271 адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін 138 елді мекенге 282 спорт нұсқаушысы бекітіліп, дене шынықтырумен тұрақты айналысатын азаматтар саны 41040 мыңнан асты. 
Елбасы Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай Қызылордада спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын 30 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін спорт нысандарының халыққа қолжетімді болғаны керек. Соңғы 3 жылда өңірде 9 спорт кешені пайдалануға берілген. Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Мұнда 1200 адамның 15 спорт түрімен шұғылдануына жағдай жасалған. Өткен жылы аймақтың 7 елді мекенінде, атап айтқанда Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде заманауи үлгідегі спорт кешендерінің құрылысы басталды.
Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен қаладағы орталық алаң, Тасбөгет, Мерей мөлтек аудандары мен М.Ералиева мәдениет үйі ауласында 4 стрит воркауд алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда орталық алаңдағы воркауд кешені жұмыс істеп тұр. 
Өткен жылы облыс спортшылары Азия және Әлем чемпионаттарында 92 медаль, атап айтқанда 28 алтын, 27 күміс, 37 қола иеленді. 420 саңлақ спорттың бірнеше түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді. Cпорт мектептерінде 18287 оқушы спорттың 35 түрімен шұғылданады. 
Айдархан ӘБДІҚАДЫРОВ,
ҚМУ-дің IV курс студенті
28 наурыз 2018 ж. 1 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам