Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

  Бүгін облыс көлемінде  «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.    
Іс-шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.  
Полиция департаментімен Қызылорда облысына кіретін жолдар мен шеп бекеттерінде пиротехникалық бұйымдарды автокөліктермен тасымалдау тәртібін және сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау мақсатында облыс көлеміндегі базарлар мен сауда орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық ЖІІб-не облыс аумағындағы барлық бекеттерде темір жол қозғалысы арқылы сертификатталмаған өнімдерді тасымалдаудың жолын кесу, анықтау жөнінде нұсқаулар жолданды. Мереке қарсаңында балалар арасында жарақат алуды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша барлық білім беру мекемелерінде ювеналды полиция инпекторларымен кәмелетке толмағандар тарапынан пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың жолын кесуге назар аударылып, қауіпсіздік  шаралары туралы дәрістер өткізілуде. 
Елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару орын алған  жағдайда,  пиротехникалық  құралдар мен құрылғылар тәркілене отырып,  ҚР  ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндеайыппұл салынатын болады.
Сондай-ақ, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР  ӘҚБтК-нің 483-бабы 1-бөлігі бойынша пиротехникалық құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға –5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе  коммерциялық емес ұйымдарға –10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен, заттармен заңсыз сауда жасау   ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл салуға әкеліп  соғады.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына отшашу мен басқа да пиротехникалық заттарды пайдаланғанда қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
  «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасатын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
18 желтоқсан 2019 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам