Шиеліде кәсіпкерлік саласының аясы кеңейді

– Жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің саны 4203-ті құрап, 106 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен 382 адам оқу курсынан өтіп, сертификат алды. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 265 жобаға қайтарымсыз грант берілді, – деді Әшім Оразбекұлы.
Ал, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 азаматқа несие беріліп, оған 795 бас қой алынды.
Мұнан өзге, биыл ауданның өнеркәсіп орындары өндірген өнімдер өткен жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға ұлғайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 123,3 пайызға орындалды.