ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ ЖАҚСАРА ТҮСТІ
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 73332,2 млн. теңге болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,1 пайызға өсті. Жаңақорғанда "Сыбаға" бағдарламасы жоспарланған межеден 2 есе артық орындалды. Биыл 744 бас сиыр алынған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Сонымен бірге, 9967 гектар күріштіктің гектарынан 48,8% ақ маржан жиналды.
"Осы жылы негізгі дақыл күріштің көлемін ұлғайтуды жоспарлап, инвестордың есебінен қосымша 1800 гектар жерге күріш дақылы егіледі деп есептелген болатын. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып, негізгі дақыл күріштің көлемін 2 мың гектарға артық орындап отырмыз. Ал, біршама жылдардан бері істен шығып қалған көптеген егіс танаптарын іске қосуға мүмкіндік жасалады", - деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Жаңақорғанда кəсіпкерлікті дамыту үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 34 жоба несиелендірілді. Биыл 18 пəтерлі 1 тұрғын үй салынды. Келер жылы 36 пəтерлі 15 үй бой көтереді. Ауданда жол бойы қызмет көрсететін 5 нысан бар. Келер жылы тағы бір кешен іске қосылады. "Өрлеу" жобасы бойынша 58 отбасы мүшелеріне барлығы 409 адамға шартты ақшалай көмек берілді. Оның ішінде жұмысқа жарамды 59 адам жұмыспен қамтылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауданда қысқа мерзімді курстарға оқытылуда. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасымен де өтініштер қабылданып, білім берілуде. "Аграрлық несие корпорациясынан «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 6 жобаға 43 млн. теңге қаржы таратылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. Қайтарылған қаржы есебінен облысқа бөлінген 415 млн. теңге қаржыдан ауданымызға 90 млн. теңге қаржы бөлініп, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқу курстарынан өткен 60 үміткердің тізімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды.