«Татуласу: сотқа дейін, сотта»
Отбасылық жеке бастық, қоғамдық дау-дамайлардың көбейіп кеткенін, бұрын мұндай жанжалдар ақсақалдардың, билердің араласуымен, төрелік айтуымен шешіліп келсе, қазір қит етсе сотқа жүгіретін болды. Тіпті екітараптың келісімімен шешілетін ұсақ-түйек мәселелер үшін жан-жаққа арызданып, уақыттарын босқа жоғалтып жатады. Жылына тұрғындардың орта есеппен 1 миллион 300 мыдай арыз шағым түседі. Сондықтан жер-жерлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағытында атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстардың ішінде татуласу иституттарын орнықтыру, олардың қызметін жандандыру, күшейту аса маңызды.
Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылады. Татуласу рәсімдерінің барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Дауларды сотқа дейін, сотта шешу үшін Жоғарғы сотпен ауқымды, жүйелі жұмыстар жасауда. «Татуласу: сотқа дейін, сотта» қанатқақты жоба аясында татуластырушы-судья, медиаторлар, психологтар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Соттарда ашылған арнайы фронт-кеңседе медиаторлар сотқа жүгінген халыққа қызмет көрсетеді. Пилоттық жоба аясында қаралған істер жалпы сот талқылауының уақытымен салыстырғанда 2-5 жұмыс күні ішінде татуласу рәсімдерін қолдану арқылы қаралып, аяқталады. Пилоттық жоба жұмысына татуластырушы – судья да жұмылдырылды. Дәл осы мезетте судьяның көп жылдық тәжірибесі, шеберлігі дауды терең зерттеп, оған баға беріп, адамгершілік қарым-қатынас ұғымын келтіре отырып, тараптарды ауызбіршілікке алып келуге көмектеседі.
Дамыған елдерде даулардың 80-90 проценті бітімгершілікпен аяқталады. Біздің мемлекетімізде құрылып жатқан татуласу орталықтарының дауларды шешудің қолайлы алаңы екеніне нақты мысалдар келтіруге болады. Медиация институтын кеңінен насихаттауға шақырады.
Галым Имаганбетов,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
сот приставы
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
сот приставы