Синоптиктер қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

"Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады деп күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік жартысында 10-25 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік жартысында суықтың толқыны онкүндіктің соңына шығып, 3-11 градус аяз болады."Кезекті екі суықтың толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады. Ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде күту керек. Солтүстік жартысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кей жерлерде 10 аяз, оңтүстік жартысында түнде 17-22, кей жерлерде 12, күндіз 10-15, кей жерлерде 5 аяз болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.