Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі. Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде 2...7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аязды құрайды. Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Айта кетейік, синоптиктер синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгерістерге ұшырауы мүмкін екендігін айтады.
https://24.kz/kz/