Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Абай – ұлтымыздың темірқазығы

Абай – ұлтымыздың темірқазығы

  Ел еңсесін көтеріп, егемендік алдық. Батырларымыздың арманы орындалды. Ендігі кезек бабалар өсиетін өскелең ұрпақ санасына сіңіру.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын оқып шықтым. Осыған дейін Абай əлемін зерттеп жүрген бірқатар ғалымдарымыздың еңбектерінен де кенде емес едім. Мəселен, Мекемтас Мырзахметұлы мен Омар Жəлелдің зерттеулеріне қарап отырсақ Абайды əлем мойындайтын тұлға екендігін айтады. Онысы рас. Абай - əлемдік тұлға. Абайды әлемдік деңгейде таныту, ол қазақ ұлтын да таныту.
Ал, ел Президентінің мақаласы бүгінгі күннің болмысы қандай болу керектігін жеткізгендей. Бұл мақала ұлтымыздың рухына, қазақ мәдениетіне өзгеше серпіліс берері анық. Әрбір қазақтың төрінде домбыра мен ойшылдың кітабы ойып тұрып орын алуы тиіс деп білемін. Билік пен мансапқұмарлық, өтірік мақтанға боспай, білімді жарыстыратын заман келгенін тағы да айқындағандай.
Əр адам ұлы Абайды ұлықтап, өлеңдерін ұғынып, жан-дүниесімен түсіне білсе, біздің елдің одан əрі нығаятынына сенімім мол.
Айдын Қайруллаев,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры.
10 қаңтар 2020 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам