Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

   2019 жылы тегін дәрі-дәрмекті тарату бойынша жалпы бөлінген бюджет 100 миллиард теңгеден астам болса, бүгінде көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.
Оның сөзінше, биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтілген.
«Дәрі-дәрмектерді кеңейту нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап № 660 бұйрық бойынша 140 аурулар тобы нозологияға кірді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтіліп жатыр. 2019 жылы жалпы бөлінген бюджет 100 миллиардтан астам болса, қазіргі таңда 190 миллиард теңгеге жеткен», – деді ол.
Сонымен қатар, қосымша дәрінің тізіміне 225 атау кірген.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мұның алдында дәрілер бес жасқа дейінгі балаларға тегін түрде берілсе, енді бұл топ 18 жасқа дейін ұлғайды. Бұл санаттағы адамдарға қосымша 192 дәрі-дәрмек енген. Қазіргі уақытта барлық жүргізілген рәсімдер мен ұсыныстар бойынша 222 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған», – деді Б.Шәріп.
Желтоқсаннан бастап қоймаларға 30 миллиард теңгеге жуық дәрі түскен. Оған 800-ден аса дәрінің атауы кіреді. Еліміздегі өңірлерге жалпы наурыз және сәуірдің басына дейін жеткізілмек.
AIQYN
14 қаңтар 2020 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам