Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАРШРУТ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

МАРШРУТ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ


Қалаішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын №28 бағыт ұжымы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында кезекті қайырымдылық акциясын өткізді.
Ақырғы аялдамасы саналатын «Сабалақ» саяжайының қолдауды қажет ететін тұрғындарын тұрақты қарауына алған қоғамдық көлік ұжымы бұған дейін Г. Тасжүрекова отбасына қысқа қажетті көмір қорын, Г. Тәжібаева және қала орталығында орналасқан №101 және №198 мектептерге қатынап оқитын оқушыларға ұжым тарапынан тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз еткен.
Бүгін мемелекеттік мереке қарсаңында қайырымды ұжым аталмыш тұрғындарға азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етті.
Айта кету керек, бұл шара №28 бағыт ұжымына дәстүрге айналған. Олар игілікті істі 2015 жылдан бері жалғастырып, әр айдың аяғында саяжай тұрғындарына көмек көрсетеді екен. Бұған дейін жарияланбай келген қайырымды істі саяжай тұрғындары жария ету жөнінде өздері ұсыныс тастаған.
Екі жақты алдын ала жария етуге келісімдерінің нәтижесінде кезекті келелі шараның куәсі болдық.
Саяжай тұрғындары бұл бастаманың басы-қасында жүрген №28 бағыт бригадирі Атағұл Қайраттың қызметіне алғыстарын білдіріп, оң бастамасына бата-тілектерін білдіруде.
01 желтоқсан 2017 ж. 1 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам