Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қос қазақтың бауырмалдығы

Қос қазақтың бауырмалдығы

   Румыния елінің Констанца қаласында қолкүрестен ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп 75 келі салмақ дәрежесінде қос қазақ Талғат Ақтаев пен Мағжан Шамиев финалға шықты. Қызығы сол  құрыш білекті Мағжан алдымен грузиялық Иракли Зиракашвилиді ұтты. Одан кейін болгариялық Валентин Господинов, американдық Джереми Фралей, молдавалық Олег Тудорянды тізе бүктірді. Жартылай финалда ресейлік Ортан Скияевті қапыда сан соқтырды. Ал Талғат Ақтаев болса белоруссиялық Иван Виарениш, ресейлік Казимир Искандаров, италиялық Паласидо Джиоко, түркиялық Емрах Оксу, ресейлік Ортан Скияевті ұтып, финалға жолдама алды. Сөйтіп қос батыр ақтық сыңға шықты. Әрине өзгелердей емес өзіміздің ұлттық мінезге, қайсар рухқа сай екеуі иық тірескен жоқ.  Кішісі үлкенге құрмет көрсетіп, бауырмал қазақтың дәстүрін қайта жаңғыртты. Осылай Талғат жасы үлкен ағасы Мағжанға жол берді. Мұны көрген көпшілік қазақтың бауырмалдығын байқады. Рухы мықтылығына риясыз сенді. Мәселе алтында емес, ақылда!

14 қаңтар 2020 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 616 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам