Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ПОЛЬШАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТӨРТ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ПОЛЬШАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТӨРТ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

  Қазақ боксшылары Польшадағы халықаралық турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz. Порталдың хабарлауынша, Польша астанасы Варшавада бокстан Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир аяқталды.
Биыл бұл жарыс 35-ші рет ұйымдастырылды. Варшавадағы бокс бәсекесіне Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Оның жетеуі жүлделі орыннан көрінді. Төрт алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алты бірдей боксшымыз финалда жұдырықтасты. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов (56 келі) иорданиялық боксшы Алуади Мұхамедті айқын жеңіп, алтын медальды еншіледі. Одан кейін 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов поляк боксшысы Дамин Дюркачты ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов топ жарды. Ол финалда ресейлік боксшы Сергей Собылинскийді жеңіп шықты.
Сондай-ақ, ауыр салмақтағы (91 келі) боксшымыз Антон Пинчук алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте түрікмен Арсланбек Ачиловтан айласын асырды. Өкінішке қарай, финалда құрама капитаны, екі бірдей Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ресейлік боксшы Георгий Гушиташвилиге жол беріп, күміс жүлдегер атанды. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Абай Төлеш те күміс медальды қанағат тұтты. Ол да финалда ресейлік боксшы Глеб Бакшимен жұдырықтасып, есе жіберді. Қоржынға түскен бір қола медальды аса ауыр салмақтағы боксшымыз Айболды Дәуренұлы иеленді. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі) пен Берік Әбдірахманов (60 келі) жүлделі орыннан көріне алмады.
Айта кетейік, қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндия елінің астанасы Хельсенкидегі халықаралық турнирге қатысты. Онда отандастарымыз бес алтын, бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.
17 наурыз 2018 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам